Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау имамдары сенбілік өткізді

Маңғыстау аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 30.05.2022 2537 0 пікір
Маңғыстау имамдары сенбілік өткізді

ҚМДБ-ның «Дархан дала» жобасы аясында Маңғыстау өңірінің дін қызметкерлері Ақмыш жерінде сенбілік өткізді.

«Табиғатты аялайық!» тақырыбында өткен іс-шараға Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы бастаған Ақтау, Жаңөзен қалалары мен Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының имамдары мен ұстаздары қатысты.

Дін қызметкерлері тоғай ішін және сыңғырлаған бұлақтар бойын түрлі қоқыстан тазартып, тазалық жұмысын жүргізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру