Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ ОҚУ ЗАЛЫН ЖАБДЫҚТАДЫ (ФОТО)

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 30.05.2022 2725 0 пікір
УНИВЕРСИТЕТ ТҮЛЕКТЕРІ ОҚУ ЗАЛЫН ЖАБДЫҚТАДЫ (ФОТО)

Алматыдағы Нұр-Мүбарак университетінде осы оқу орнын 2012 жылы исламтану және дінтану мамандықтары бойынша тәмамдаған түлектер бас қосты. Олар 10 жылдықтың құрметіне университеттегі ашық оқу залын жаңадан, заманауи талаптарға сай жабдықтап берді.

Жаңа оқу залының салтанатты ашылуына түлектерге дәріс берген оқытушы-профессор құрамындағы ұстаздар арнайы шақырылды. Бұл игі іс университет проректоры, PhD доктор, доцент Қайрат Құрманбаевтың бастамасымен қолға алынып, жүзеге асты.

Университет ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат пен түлектер атынан Батыс Қазақстан облысы Дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұлов жаңа оқу залының тұсаукесерін қиды. Түлектердің оқу орнына деген қамқорлығына ризашылық білдірген ректор олардың алдағы ісіне сәттілік тіледі.

Университеттің Академиялық мәселелер департаментінің директоры, философия ғылымдарының кандидаты, доцент Жалғас Сандыбаев түлектердің бұл қадамы өскелең ұрпаққа, бүгінгі студенттерге өнегелі үрдіс екеніне тоқталды. «Әрбір адам бақытқа жетелейтін ұстазға мұқтаж» деген даналыққа сай түлектердің осындай игі дәстүрлері қоғамдағы ізгіліктің артуына себеп болатынын атап өтті.

10 жылдық мерейтойда университетке қуаныш сыйлай келген түлектер ұстаздарымен бірге суретке түсіп, мерекелік дастарқан басында естеліктерін бөлісті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру