ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Талдықорған өңіріндегі өкілдігінің ұйытқы болуымен қаладағы «Айналайын» балалар үйіндегі 4-16 жас аралығындағы қамқоршысынан айырылған 100 балаға «Ақ ниет» мейрамханасынада «Пайғамбар сүйген маңдайлар» тақырыбында рухани-тәлімдік кеш ұйымдастырылды.
Кеште Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы ізгі лебізін білдіріп, бөбектерге сый-сыяпат үлестірді. Балаларға арналып дастарқан жайылып, көңілін көтеретін ойындар ойнатылды. Балалар қаламыздың көрікті жерлерін лимузин автокөлігіне отырып тамашалап, арқа-жарқа болып, жақсы көңіл-күйге бөленді.
Айта кетейік, іс-шара биылғы «Балалар жылы» мен ҚМДБ аясындағы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» жылы аясында өткізілді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
25.05.2022
2153
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру