Елорда іргесіндегі елдімекендер күн санап өсіп келеді. Тұрғындары да ондаған мыңнан асып жығылады. Жергілікті мешіттер жұмысына да бақылауды босатып алуға болмайды.
Осы мәселелерді Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбит Целиноград ауданына сапары кезінде кеңінен талқылады. Аудандағы барлық мешіттердің имамдарымен өткен басқосуда «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызметін аудан бойынша насихаттау және тапсырмалардың орындалуы жайы қаралды.
Сонымен бірге жаназа рәсімдерін өткізу барысында олқылықтар жібермеу, зират қорымдарды тәртіпте ұстау мәселесі күн тәртібінде қаралды. Басқосу соңында әр бағыттағы жұмыстар бойынша тиісші шешімдер шығарылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
23.05.2022
2265
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру