Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанай: Майлин ауданы мұғалімдерімен жүздесті

Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі 23.05.2022 2270 0 пікір
Қостанай: Майлин ауданы мұғалімдерімен жүздесті

Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет іс-сапармен Бейімбет Майлин ауданында болды. Бас имам Әйет ауылына атбасын бұрып, жергілікті Сапар Ерғалиев атындағы орта мектептің кітапханасында мұғалімдермен кездесті.

Басқосу дөңгелек үстел басында өткізілді. Жиында рухани байлықтың қайнар көзі кітапты насихаттау бағытында «Кітап оқудың қоғамға пайдасы» тақырыбында әңгіме қозғалды.

Тілге тиек етілген өзекті мәселе кімді болсын толғандырмай қоймайды. Өйткені ғаламтор мен ұялы телефондар кітаптың орнын ешқашан да толтыра алмасы ақиқат.

Кездесуде ұстаздар бас имаға көкейде жүрген сауалдарын қойып, лайықты жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру