Қостанай облысы Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде «Маңдай батыр» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында волейбол жарысы өтті.
Жарысқа аудандық мешіт, Қостомар, Алтын дала және Жамбыл ауылындағы мешіттердің командалары қатысты. Ойын өте тартысты өтіп, азаматтар жарыста белсендік танытып, спортқа деген талпынысын көрсетті.
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов жиналғандарға басты мақсат – салауатты өмір салтын жандандыру, мешіт жамағаты арасындағы сыйластық пен ауызбіршілікті нығайту екеніне тоқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша 1-орынды Қостомар елдімекенінің, 2-орынды аудандық «Маңдай батыр» мешітінің, 3-орынды Алтын дала ауылының командалары иеленді. Жүлделі орын алғандар командаларға алғысхаттар, медаль және кубок табысталды.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
19.05.2022
2718
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру