Көкшетаудағы «Науан хазірет» мешітінде Ақмола облысының бас имамы Қуаныш Сәбиттің төрағалығымен облыстың аудан-қала имамдары қатысқан басқосу өтті. Онда қасиетті Рамазан айынан кейінгі жұмыс барысы сараланып, ораза кезінде атқарылған шараларға баға берілді.
Сонымен бірге, Ақмола облысына қарасты Көкшетау, Қосшы, Щучинск, Атбасар т.б қалаларындағы мұсылмандар зиартының мәселесі де күн тәртібінде қаралды. «QAMQOR SHARAPAT» салттық қызметіне жауапты Ербол Мырзатаев Қазақстан мұсылмандары діни бақармасынан келген тапсырмаларын аудан-қала имамдарына таныстырды. Қандай жұмыстар жасалғанынан хабардар етті. Осыдан біраз жыл бұрын «Науан хазірет» мешітінде діни рәсімдерді реттеу қолға алынған еді. Аталған бөлім де осыған байланысты құрылған болатын. Содан бері шариғи дәстүрлер мен рәсімдерді орындаудың жай-жапсары кеңінен әңгімеленді.
Бас имам бұл бағытта жергілікті жерлердегі зират қорымдарды күту және жаназа рәсімдерін орын-орынымен өткізу үшін аудан-қала имамдары жұмыстарын жандандыру қажет деген ой ортаға салынды. Себебі, әр жерде діни рәсімдерді өткізуде олқылықтар да жоқ емес. Ең бастысы, ислам дінінің талаптарын сақтау және ұлттық салт-дәстүрлерді аттап кетпеу маңызды екені айтылды.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақмола облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
nasihat.kz
18.05.2022
2804
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру