Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысындағы құс фабрикалары тексерілді

halaldamu.kz 18.05.2022 3054 0 пікір
Алматы облысындағы құс фабрикалары тексерілді

«Халал Даму» мамандарының Алматы облысына іс-сапары барысында өңірдегі ірі құс фабрикаларының бірі – «Алатау құс» және «Сарыбұлақ» кәсіпорнында бақылау-қадағалау шаралары жүргізілді.

Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы, технологтар Данияр Сафиев, Әсел Сыдық, жергілікті инспектор-контролер Жұмабеков Жанәбіл орындады.

«Құс фабрикаларының инкубация цехы, құс бауыздау және ет өңдеу, шұжық өнімдерін дайындау секілді түрлі цехтары тексерілді. Аудит кезінде құсты қолмен бауыздау, жем-шөбінің стандартқа сәйкестігі, құс етін өңдеу процесстерінің бекітілген талап бойынша орындалуы қадағаланады. Құс фабрикаларындағы аудит нәтижесі бойынша өндіріс барысында бекітілген халал стандарты талаптарының толық сақталатындығы анықталды. Тексеріс нәтижесі оң» деп хабарлайды Айбек Асқарбекұлы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру