Діни басқарма бекіткен үлгіге сай Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы орталық «Иман» мешітінде қала-аудан бойынша «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызметіне жауапты мамандармен жиын өткізді.
«ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қабір басындағы бәсеке ретінде мазар салып жарысуды тоқтатып, ысырапқа жол бермеу үшін зиратты бірізділікке келтіру жөнінде бастама көтерген болатын. Бүгінде жерлеу рәсімдері шариғат нормаларына және ата-баба дәстүріне сай болуымен бірге, өркениет көшінен де артта қалмауы керек. Алдағы уақытта салттық қызмет көрсететін орталықтар ҚМДБ ұсынған үлгіге сай жұмыс жүргізсе, қабір басындағы келеңсіздіктер тоқтап, бірізділікке келеді деген ниеттеміз» деді бас имам Алмас Сағидоллаұлы.
Сондай-ақ қалалық «Тәубе» мешітінде «QAMQOR-SHARAPAT» салттық қызмет көрсету орталығының Талдықорған өңіріндегі өкілі Юсуф Ибраймов түсіндірме жұмысын жүргізіп, бірізділікке түсуі қажет дүниелерді тілге тиек етті.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
18.05.2022
2447
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру