Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау: Түпқараған ауданында жаңа мешіт ашылды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 17.05.2022 2953 0 пікір
Маңғыстау: Түпқараған ауданында жаңа мешіт ашылды

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданына қарасты Баутино ауылында сәні мен сәулеті жарасқан жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті.

Құлшылық үйінің ашылу рәсіміне Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлы, Түпқараған ауданының әкімі Рахат Тезекбайұлы, Түпқараған ауданының бас имамы Дәурен Өрісбаев, жергілікті ақсақалдар және елдімекен тұрғындары қатысты.

Әнуар Ізімбайұлы іс-шараға жиналған қауымды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Мешіт құрылысына қолдау көрсеткен азаматтарға ризашылығын білдіріп, елеулі үлес қосқан Исмаил Самед оглыға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан алғыс айтылды.

Осыдан кейін облыстың бас имамы жамағатпен бірге бесін намазын оқып, еліміз бен жеріміз үшін Жаратқаннан жарылқау тіледі.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру