Алматы облысы Іле ауданының Жетіген ауылындағы «Қожа Ахмет Ясауи» мешітінің ұйымдастыруымен Іле ауданы имамдары арасында волейбол жарысы өтті.
Сайысқа имамдардан құралған төрт команда қатысты. Алдымен Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы сөз сөйлеп, жарыстың мән-мағынасы мен мақсатын түсіндірді. «Салауатты өмір салтын ұстану – баршамызға міндет. Біздің имамдарымыз да жан-жақты болуы керек. Сондай-ақ мұндай жарыстар ауызбіршілікті арттырып, өзара берік қарым-қатынасқа серпін береді» дей келе жарысқа қатысушы имамдарға сәттілік тіледі.
Жарыс нәтидесі бойынша, бірінші орынды – «Осман» командасы, екінші орынды – «Омар» командасы, ал үшінші орынды «Әли» командасы иеленді. Жарысқа қатысқан командаларға алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табысталды.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
islamkaz.kz
17.05.2022
2713
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру