Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ӨСКЕМЕН: ЖАСТАР ЕСКЕК ЕСІП ЖАРЫСТЫ

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 17.05.2022 2449 0 пікір
ӨСКЕМЕН: ЖАСТАР ЕСКЕК ЕСІП ЖАРЫСТЫ

«Ислам – ынтымақ және бірлік діні» жылы аясында ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі мен Өскемен қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен жастар арасында ескек есуден Өскемен қалалық чемпионаты өтті.

Іс-шара Өскемен қаласының көркі саналатын Ертіс өзенінің бойында, соның ішінде қаладағы ең көрікті «Самал» саябағы тұсында ұйымдастырылды. Жарыстың мақсаты жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, насихаттау, мешіт жамағатының бірлігін арттыру, халықты ынтымаққа баулу болды.

Сайысқа Өскемен қаласындағы мешіттердің жамағаты және қала жастары командалары қатысып, нағыз жарыс үлгісін көрсетті. Сайыс аса тартысты, қызықты өтіп, тамашалаушылар қарасы да көп болды. Асау толқында есек есіп, қайықты бағындыру оңай болған жоқ.

Бұл жайлы «Халифа Алтай» мешітінің ұстазы Бекзат Құсанбаев: «Жамағат арасында осындай салауатты шараларды әрдайым ұйымдастырып тұрамыз. Ескек есу жарысы өте қызықты өтті. Мұндай іс-шаралардың мешіт жамағатын өзара бірлікке ұйытуда, басты байлық -денсаулықты сақтауда маңызы зор», – деп атап өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша «Халифа Алтай» мешітінің командасы екінші орынға ие болды. Жеңімпаздар командаларға өкілдік пен Өскемен қалалық әкімдігі тарапынан сыйлықтар табысталды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру