Қостанай облысы Алтынсарин ауданындағы Мәриям Хакімжанова селолық округіне қарасты Шербаков елдімекенінде жаңадан «Тойғанша ана» мешіті салтанатты түрде ашылды.
Жаңа мешіттің ашылуына Қостанай облысының әкімі Архимед Бегежанұлы, облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы қатысып, жергілікті тұрғындарды құттықтады. Салтанатты шарада жиналған қауымға ас тартылып, ақсақалдар батасын берді. Мешітте алғашқы намаз оқылып, ел амандығы үшін дұға жасалды.
Одан кейін ат үстіндегі аударыспақ, теңге алу, жамбы ату сайыстары және көкпар өтіп, жеңімпаздар марапатталды.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
16.05.2022
3082
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру