Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Имамдық – абыройлы әрі жауапты қызмет

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 13.05.2022 1970 0 пікір
Өскемен: Имамдық – абыройлы әрі жауапты қызмет

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің мәжіліс залында ҚМДБ Өскемен аймақтық өкілдігіне қарасты қала, аудан және ауыл имамдарының жиыны өтті.

Жиында діни қызмет сапасын арттыру, имамдардың қызметтік әдебі т.б мәселелер қаралып, жасалған іргелі іс-шаралар қорытындыланды. Өскемен аймағының бас имамы Ермек Қасболатұлы өз сөзінде: «Имамдық – ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) қалған абыройлы әрі жауапты қызмет. Сондықтан ҚМДБ қабылданған «Имамдардың қызметтік әдебін» насихаттау аса маңызды. Дін қызеткерлері қызмет әдебін қатаң сақтап, рухани парасаттың үлгісі болуы тиіс. Имамдардың киім кию мәдениеті, сөйлеу әдебі, халықпен қарым-қатынасы дерліктей осы құжатта көрсетілген. Сондықтан осы құжатта айтылған мәселелерді имамдар жадында ұстауы керек. Өңірдің діни қызметкерлерлі аталған құжатты насихаттау ісіне белсенді атсалысу керек» дей келе, осы бағытта атқарылатын шаралар жоспарын таныстырып, жан жақты насихаттуды тапсырды.

Бас имам сонымен қатар қасиетті Рамазан айында өкілдік тарапынан атқарылған келелі істерге де тоқталып, бұл бағытта имамдар аса белсенді қызмет еткенін, қайырымдылық және ауызашарлар ұйымдастыру ісінде барлық имамдар халықтың көңілінен шыққанын жеткізді. Жиында дін қызметкерлеріне «Имамдардың қызметтік әдебі», «Пәтуа әдебі» құжаттары таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру