Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Жаңа кітаптың танытымы өтті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 13.05.2022 2098 0 пікір
Шымкент: Жаңа кітаптың танытымы өтті

«Шымкент» медресе-колледжінің ғылыми кітапханасында жуырда «Муфтият» баспасынан жарық көрген «Халал – шариғат талабы» кітабының танытымы өтті.

Танытым шарасына Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, «Шымкент» медресе-колледжінің директоры Талғат Әсембай, қалалық «Дархан дала» отандық туризм бөлімінің жетекшісі, наиб имам Мұхамеджан Естеміров, қалалық «Халал Даму» бөлімінің басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев қатысты.

«Бұл еңбекте халал мен харамға, оның амал-құлшылыққа тигізер әсері, дастарқандағы астың тазалығы мен адалдығы, адал өнім тұтынудың ұрпақ денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер ықпалына қатысты маңызды мәліметтер, пайдалы ақпараттар мен анықтамалар берілген. Әлемдік халал стандарттарында көрсетілген құнды деректерді баяндай отырып, шариғатымыз бойынша харам және күмәнді болып саналатын өнімдерден сақтанудың жолдары ұсынылады. Мұсылмандық дүниетаным мен қазақи пайымды салыстыра отырып, халал төңірегіндегі өзге де мәселелерді қозғайды» деді Бақдаулет Нұрматұлы.

Осыдан кейін қалалық «Халал Даму» бөлімінің басқылаушы маманы Қазыбек Сарыбаев «Халал өнім – шариғат талабы» тақырыбы аясында арнайы баяндама оқып, медресе кітапханасына 40 дана кітапты тарту етті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру