Қостанай облысы Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында еңселі мешіт пен оның жанына салынған асхананың ашылу салтанаты болып өтті.
Онда облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Балахмет сөз сөйлеп, жергілікті ағайындардың қуанышына ортақ екендігін білдірді. Сондай-ақ, ауылдың құрметтісі Мейрам ақсақал және ауыл әкімі Жанай Алтынсарин жиналғандарды құттықтады.
Содан кейін облысқа танымал жыршы Абзал Алпысов терме орындап, жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Мешіт пен асхананың салынуына тікелей атсалысқан демеушілердің иығына шапан жабылып, Алғыс хаттар тапсырылды.
Мешітте намаз оқылып, марқұмдарға Құран бағышталды. Жиналғандарға дастарқан жайылып, «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы уағыз айтты.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облысы өкілдігінің баспасөз қызметі
akmechet.kz
12.05.2022
2662
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру