Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Маңғыстау мешіттерінің жазғы маусымға дайындығы пысықталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі beket-ata.kz 12.05.2022 1815 0 пікір
Маңғыстау мешіттерінің жазғы маусымға дайындығы пысықталды

Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінде өңірге қарасты құлшылық орындарының жазғы маусымға дайындығы пысықталды. 

Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының төрағалығымен өткен жиынға Ақтау қаласының бас имамы Құрбанбек Лашкербекұлы, Жаңаөзен қаласы және Бейнеу, Қарақия, Маңғыстау, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының имамдары қатысты.

Әнуар Ізімбайұлы биылғы Рамазан айында атқарылған іс-шаралар есебін қорытындылап, дін қызметкерлеріне алғыс білдірді.

Осыдан кейін, облыс бас имамы алда келе жатқан жаз айларына дайындықтың маңыздылығы жайлы, соның ішінде онлайн, офлайн уағыз-насихат, РАНТ және ЖАНТ жұмыстарын жандандыру, медреселерді тәмамдаған білімді де білікті дін мамандарын қызметке тарту арқылы кадрлық әлеуетті арттыру мәселелеріне ерекше көңіл бөлу керектігін атап өтіп:

«Әсіресе, жазғы сауат ашу курстарына басымдық беру қажет. Маңғыстау жұртының діни сауатын көтеру – біздің басты міндетіміз» деді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру