Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Теміртау имамдары – Түркістан төрінде

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі ihsan.kz 11.05.2022 2409 0 пікір
Теміртау имамдары – Түркістан төрінде

Қарағанды облысы Теміртау қаласының имамдары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дархан дала» жобасы аясында киелі Түркістан қаласына арнайы экспедиция ұйымдастырды.

Теміртау қаласының бас имамы Естай Айтуғанұлы бастаған бір топ дін қызметкері Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне аялдап, бабалар рухына Құран бағыштап, тарихы тереңде жатқан көне шаһардың киелі орындарын зиярат етті.⠀

Сондай-ақ, мешіт ұжымы күллі түркі жұртының рухани астанасына айналған қаланың жаңарған көрінісіне куә болды. Зәулім ғимараттар мен сәулетті мешіттер қаланың көркін одан әрі аша түсіпті. Еліміздің оңтүстігіне игі мақсатта сапар шеккен ұжым рухани мол тағылым алып қайтты. ⠀
Айта кетсек, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен отандық туризмді дамытуға үлес қосу мақсатында «Дархан дала» жобасы іске қосылған болатын. Жоба мақсаты – халық арасында дін мен дәстүрімізге сай киелі орындарды зиярат ету мәдениетін қалыптастыру, жұртшылыққа шариғат әдебін сақтауды үйрету, Түркістан қаласына, басқа да тарихи, киелі орындарға тур ұйымдастыру.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру