Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: 2500 балаға айттық сыйы таратылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 03.05.2022 2828 0 пікір
Алматы: 2500 балаға айттық сыйы таратылды

Рамазан айының аяқталуымен келетін Ораза айт мерекесі қарсаңында Алматы мешіттерінде балаларға айттық сый таратылды.

Айт мерекесі балаларды қуантқан іс-шараға жалғасып, белгілі кәсіпкер Сырымбек Тау мен sajda.store компаниясының демеушілігімен қала мешіттерінде балаларға 2500 айттық сыйлық үлестірілді.

Айта кету керек, бұл ауқымды қайырымдылық іс-шара қала бойынша 31 мешітте жалғасын тапты. 2500 айттық сыйы мешіттерде айт намазына ата-анасымен келген балаларға үлестірілді.

«Мақсатымыз балаларға ораза айт мерекесін сезіндіріп, қуанышқа бөлеу» дейді ұйымдастырушылар. Тәттілер мен зәм-зәм суы салынған айттық сыйға балалар дән риза көңілмен тарасты. 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру