Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

НАИБ МҮФТИ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘРІС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі islamkaz.kz 29.04.2022 3458 0 пікір
НАИБ МҮФТИ ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДӘРІС ӨТКІЗДІ (ФОТО)

Діни басқарма 2022 жылды «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні жылы» деп жариялауына орай Алматы облысы Талғар ауданына қарасты мешіт имамдарына арналған дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру семинары өтті.

Семинарға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Мырзабаев, Алматы аймағы өкілдігінің бас имамы Қуаныш Бақытбекұлы, қала-ауыл имамдары қатысты. Наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы «Имамдық этикасы және жамағатпен қарым-қатынас әдептері» тақырыбында дәріс өткізіп, фиқһ мәселелері бойынша кеңінен мағлұматтарды баяндады. Іс-шара соңында ел амандығы мен тыныштығы үшін Құран оқылып, бата жасалды.

Бұдан кейін «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінің ұйымдастыруымен «Құран және Сира» бойынша облыстық жарыс өтті. Оған ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы қатысып, Қадір кешінің қасиеті және Құран жаттаудың сауабы мен берекесі туралы уағыз-насихатын айтып, ұстаздар мен шәкірттерге ізгі тілегін жеткізді.

Алматы аймағында жамағаттың Құран жаттауға деген ықыласын арттыру мақсатында мұндай шаралар ұдайы ұйымдастырылып келеді. Құран Кәрімнің 29, 30-парасын жаттау және Сирадан пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмір жолын білу бойынша өткен жарыс нәтижесінде Әнуар Инаятуллаев жеңімпаз атанып, Ұмра қажылығына жолдаманы иеленді. Ал ІІ орынды (200 000 теңге) Ақжол Кежеұлы иеленсе, ІІІ орын (100 000 теңге) Сұлтанәлі Сейтқалиға бұйырды. Марапатты наиб мүфти Кенжеәлі Қоңыратбайұлы салтанатты түрде табыстап, жеңіпаздарға сәттілік тіледі.

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру