Рамазан айының соңғы күндерінде ҚМДБ Әйел-қыздар секторы қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті.
Атап айтқанда, елордадағы әлеуметтік жағдайы төмен 12 отбасыға киім-кешек пен қаржылай көмек берілді.
«Садақаның ең абзалы – Рамазан айында жасалғаны» делінген хадистерде. Алла Тағаладан сауабын үміт етіп, осындай тұрғындарымызға көмек қолын созған демеушілерімізге ризашылығымызды білдіреміз. Бұл отбасыларға «COTTON» киім дүкені және кәсіпкер әйелдер қаржылай жәрдем бергенін айта кеткен жөн. Баршасына Алла разы болсын» дейді Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ҚМДБ Баспасөз қызметі
muftyat.kz
29.04.2022
2967
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру