ҚМДБ Алматы аймағы өкілдігінің бас имамы Қуаныш Наржанов Рамазан айының соңғы күндерінде бірнеше іс-шараға қатысты.
Атап айтсақ, бас имам Талғар қаласындағы медициналық колледжде студенттерге арналған теріс ағымдардың сипатына қатысты кездесуге қатысты. Кездесуді колледж директоры Б.Әкімбайұлы ашып, іс-шараның маңыздылығына тоқталды. Болашақ ақ халатты абзал жандарға бас имам Қуаныш Бақытбекұлы әсерлі уағыз айтып, жастар арасындағы діни сауаттылықтың қоғамға ықпалы жөнінде сөз етті. Іс-шараға аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің бас маманы Г.Сәлімбаева, теолог Б.Құлайбергенов, колледж ұстаздары мен студенттер қатысты.
Бұдан кейін бас имам Талғар ауданының әкімі Қайдар Алиханұлымен ресми кездесу өткізді. Кездесуде аудандағы діни ахуал сөз болып, алға қойылған жоспарлар талқыланды. Сұхбат барысында аудан халқының ауызбірлігі, жергілікті билік пен мешіттердің қарым-қатынасы, бірлесе атқаратын шаралар жөнінде айтылды. Өз кезегінде бас имам аудан басшысына ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар Талғар аудандық «Әбу Бәкір ас-Сыддық» мешітінде «Рамазан – жомарттық жаршысы» атты қайырымдылық шарасы өтіп, мұқтаж 50 отбасыға азық – түлік ретінде көмек көрсетілді. Бас имам Қуаныш Бақытбекұлы көмек алушыларға ізгі насихатын жеткізіп, отбасыларына береке тілеп, дұға жасады.




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы аймағы өкілдігінің баспасөз қызметі
islamkaz.kz
29.04.2022
2275
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру