Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Қадір түні қарсаңына ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Құран түскен түн» тақырыбында жамағат арасында Құран Кәрім оқу байқауы өтті.
Құранның 30-парасын толық жаттаған жамағат арасындағы байқауға 60-қа жуық адам қатысты. Оның ішінде жүзден жүйрік танылған 7 адам ақтық финалға жетті.
Жарыстың шымылдығын облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы ашып, Құранның қадір-қасиеті мен Құран жарысының маңызына тоқталды. Қадір түні туралы баяндап, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі. «Құран түскен түн» байқауында облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе қаласындағы «Ақжар» қайырымдылық мекемесінің (қарилар орталығы) директоры, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Бекжан қари Әлденов, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мештінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов пен ұстаз Елмұрат Мырзабаев және Хабиболла қари Раушан қазылық етті.
Жарыс қортындысы бойынша Темірлан Жұмашев, Нұрғиса Қожахмет, Ғани Қуанышов, Айымбек Қуандық ынталандырыу иегерлері атанса, ІІІ орынды (100 000 теңге) Дархан Нұрашұлы, ІІ орынды (200 000 теңге) Аңсар Абдухәкім, І орынды (300 000 теңге) Ильяс Изимов иеленді. Жеңімпаздарға сертификат пен ақшалай сыйлық табысталды.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
28.04.2022
2449
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру