Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫДАҒЫ ҚАДІР ТҮНІ ШАРАСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

azan.kz 28.04.2022 2490 0 пікір
АЛМАТЫДАҒЫ ҚАДІР ТҮНІ ШАРАСЫ ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТІЛДІ (ФОТО)

Алматы Орталық мешітінде Қадір түні қарсаңында 2 мыңнан астам адамға ауызашар дастарқаны жайылды. ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы мен Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы Қадір түнінде уағыз айтып, көпшілікпен бірге тарауық намазын оқыды.

Қадір түніне жиналған жамағат Орталық мешіттің іші мен ауласына лық толды. Бас имам «Қадір түні мың айдан да қадірлі» тақырыбында уағыз айтып, жиналған жамағатқа қасиетті түнді дәріптеді. Тарауық намазының алғашқы бөлімі оқылған соң наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы «Ислам әдебі» тақырыбында уағыз айтты.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Нұр-Сұлтан қаласынан Алматы жамағатын тікелей эфирде қасиетті Қадір түнімен құттықтады. Жұртшылыққа мың айдан да қадірлі болған Қадір түнінің жақсылығы мен сауабын тілеп, ел тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасауға шақырды. Қасиетті түнді құлшылықпен өткізуге келген жамағат арасынан академик, химия ғылымдарының докторы Мұрат Жұрынұлы сөз сөйлеп, мешітке жиналған көпшілікке ақ тілегін арнады.

Орталық мешіттің наиб имамдары мешітке келген көпшілік қауымға викториналық сұрақтар қойып, алғыр жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірді. Namaz_live инстаграм парақшасында 7 күн бойы тегін өткізілген намаз үйрен марафонының жеңімпазына 2 Ұмра қажылығына жолдама табысталды. Жиналған жамағатқа Орталық мешітте сәресі бокстары таратылып, көпшілік мешітте ауыз бекітті. Сап түзеп таң намазы оқылып, дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру