Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Қасиетті түнді ғибадатпен өткізді

БҚО өкілдігінің баспасөз қызметі 28.04.2022 2291 0 пікір
БҚО: Қасиетті түнді ғибадатпен өткізді

Орал қаласының орталық мешітінде Қадір түніне арналған рухани шара өтті. Мешітке жиналған қауымды Батыс Қазақстан облысының бас имамы Бақытжан Сабыралиев Қадір түнімен құттықтады.

«Айлардың сұлтаны – Рамазан болса, түндердің төресі Қадір түні саналады. Бұл түні мұсылмандардың пешенесіне бір жылдық тағдыры жазылады. Қасиетті түннің қадірін ұғынған халық бүгін орталық мешітке жиналып отыр. Ораза ұстаған жандарға орталық мешіт күнде ауызашар дастарқанын жайып келеді. Биыл «оң қолым берген садақаны сол қолым көрмесін» деп, ауызашар ұйымдастырып, өз есімін атаусыз қалдыруды өтінген қалталы азаматтар, қайырымды жандар қатары көп болғаны қуантады» деп атап өтті бас имам.

Сондай-ақ орталық мешіттің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов Қадір түні жайында уағыз-насихат айтты. Наиб имам Наурыз Убаев викториналық сұрақтар қойып, жауап берген жандарға бағалы сыйлықтар берді. Жиылған жұрт тарауық намазын оқып, Құран хатым дұғасын Бақытжан Құралбайұлы жасады. Осылайша жиналған жамағат қадірлі кешті уағыз тыңдаумен, ғибадатпен өткізді. Адамзатқа Құран Кәрімнің аяттары түсіріле бастаған қасиетті түні таң атқанша ғибадат жасаған жандар бір-біріне оқылған дұға-тілектері қабыл болуын айтып тарқасты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру