Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚАДІР ТҮНІНДЕ 3500 ТҰРҒЫНҒА СӘРЕСІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

muslim.kz 28.04.2022 2929 0 пікір
ҚАДІР ТҮНІНДЕ 3500 ТҰРҒЫНҒА СӘРЕСІ ТАРАТЫЛДЫ (ФОТО)

Түндердің сұлтаны, қасиетті Қадір түнінде республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде таң намазына дейін рухани уағыз-насихат жұмысы, құлшылық амалдары еш үзілмеді. Тарауық намазы аяқталып, Құран хатым дұғасы жасалынғаннан кейін мешіт мінберіне имам-ұстаздар көтеріліп, жамағатқа түрлі тақырыпта насихат айтты.

Айта кетейік, қасиетті Қадір түніне орай Діни басқарманың төл телеарнасы «Munara TV» мен «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы бұл түні «Әзірет Сұлтан» мешітінен тікелей түсірілімдер жүргізіп, барша ел көрермендерін руханиятпен сусындатты.

Сондай-ақ, бас мешіт ұжымының ұйытқы болуымен Қадір түнінің құрметіне орай бүгін мешіт ауласында 3500 адамға тегін сәресі таратылды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру