Қасиетті Қадір түнінде Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде Құран хатым аяқталып, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дұғасын жасады. Сондай-ақ отыз күн бойы мешіт жамағатын әуезді мақамымен тербеткен қариларға халық алдында құрмет көрсетіп, жамағатқа тағы бір таныстырып өтті.
Айта кетейік, еліміздің бас мешітіндегі тарауық намазындарында елімізге белгілі қарилар Жұманазар Садырханов, Мұртаза Балахмет, Ерболат Шаудырбай және 5-сынып оқушысы, түркістандық Мансурхан Валихан имамдыққа шығып, бір ай бойы Құранды хатым еткен болатын.
Жамағат алдында үш қаридың және балапан қари Мансурханның әкесі Сәруархан ұстаздың иығына қазақы дәстүрге сай шапан жабылып, арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
muslim.kz
28.04.2022
3924
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру