Түркістан облысы Жетісай аудандық«Нұғман» мешітінде «Шарапатты Рамазан» қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.
Қайырымдылық акция аясында 200 адамға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік түрлері салынған арнайы ауқымды қорапшалар үлестірілді. Мешіт жамағатының ұйытқы болуымен өткен қайырымдылық шарасында Рамазан айының қасиеті туралы насихат айтылды.
Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен басты жеті бағыт бойынша жүзеге асып жатқан жұмыстардың бірі – қайырымдылық. Бүгінде Жетісай ауданында қайырымдылық бағыты бойынша Рамазан айы бойы игі іс-шаралар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Түркістан облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
yassi.kz
27.04.2022
2240
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру