Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

СҚО Қызылжар мешітінің баспасөз қызметі uagyz.kz 27.04.2022 2311 0 пікір
СҚО: Шәкірттер арасында Құран жарысы өтті

ҚМДБ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен «Қызылжар» орталық мешітінде Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан шәкірттер арасында жарыс өтті.

Мұратбек Бақыұлын еске алуға арналған жарыста облыс көлеміндегі мешіт шәкірттері бақ сынады.

Бас имам Хамзат Қажмұратұлының айтуынша, аймақтағы мешіт имамдары мен ұстаздар жамағаттың Құран жаттауға деген қызығушығын арттырып, елімізге белгілі қарилар шығару мақсатында облыс көлемінде шәкірттер арасында осы сынды сайыстарды жиі ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Екінші жыл қатарынан өткен облыстық Құран жарысында 100-ге тарта өрен қатысты.

Сайыс қорытындысына келсек, Құранның бір жарым парасын жатқа оқу бойынша бас жүлдеге Мухсина Зулфукарова лайық деп танылып, Ұмра қажылығына жолдама алса, І орын Серкеш Омарға, ІІ орын Шайхиден Абдулазизға және ІІІ орын Ербол Қадырға бұйырды.  

Ал Құранның бір парасын жатқа оқу бойынша І орынды Әли Қасымов жеңіп алса, ІІ орынды Нұрислам Омарбеков еншілеп, Юсуф Ятимов ІІІ орынға табан тіреді. Сондай-ақ Құранның жарты парасын жатқа оқу бойынша Әлихан Таңатқанов жеңімпаз атанса, ІІ орынды Сайидрахим Мухаммадамин және ІІІ орынды Әлжан Дінмұхаммед иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және қаржылай сыйақылармен марапатталды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру