ҚМДБ Әйел-қыздар секторының Ақтөбе облыстық өкілдігі өңірдің бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен 60 адамға қазақы ауызашар ұйымдастырды.
Оған Рамазан айының алғашқы күнінен бастап «Бір күнде – бір хатым» жобасы аясында амал етіп жатқан ақ жаулықты аналар мен қыз-келіншектерге қатысты.
Бұл ауызашардың ерекшелігі – дастарқанға бірыңғай қазақы тағамдар қойылып, ұлттық құндылықтар насихатталды. Сонымен қатар сектор өкілі Кенжегүл Қошқарова Рамазан айының қадір қасиеті туралы уағыз айта келе, ауызашар дастарқанын аста-төк етпей, мейлінше қазақы және қарапайым жасау керектігін баяндап өтті.
Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітіндегі «Әжелер мектебінің» белсенді мүшелері ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, батасын берді.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
27.04.2022
2745
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру