ҚМДБ Қарағанды облысы бойынша өкілдігінің және дін жанашырларының атсалысуымен облыстық «Әнет баба» мешітінде қасиетті Рамазан айының құрметіне орай 8-12 жастағы балалар арасында Құран байқауы өтті.
Байқауға қатысушы бүлдіршіндер Құран Кәрімнің 30-парасы (ер балалар) және жарты парасы бойынша (қыз балалар) бақ сынады. Сауапты һәм маңызды доданы Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің наиб имамы Нұржігіт Оразалыұлы жүргізді.
Асыл дініміздің қайталанбас құндылығы, тірегі болған, екі дүние бақытына жеткізер Алланың хақ үкімі және сөзі Құран екені баршамызға аян. Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», – деген. Шара барысында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Қазкенұлы жеткіншектерге ыстық лебізін білдіріп, сәттілік тіледі.
Байқауға қатысушылардың бағалау барысында үміткердің барлық қырына, атап айтқанда оқу мәнері, дыбысты шығаруы мен тәжуид ережелерін сақтауына мән берілді. Байқау нәтижесі бойынша ер балаллар арасында Құранның 30-парасын жатқа оқу бойынша 1-орынды Саидмухаммад Мулаев, 2-орынды Мұхаммед Тұрдымұхаммед, 3-орынды Ахмад Бурханов иеленді. Қыз балалар арасында Құранның жарты парасын жатқа оқу бойынша 1-орынды – Аиша Ахметова, 2-орынды – Аиша Баймырза, 3-орынды – Арна Алтайқызы жеңіп алды.
Жүлделі 1-орынға ие болғандарға велосипед және барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің баспасөз қызметі
ihsan.kz
26.04.2022
3223
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру