Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Талдықорған өңіріне қарасты Кербұлақ ауданының Сарыөзек ауылында «Жарапазан байқауы» өтті.
Әбікен Сарыбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде 12 айдың сұлтаны қасиетті Рамазан айының құрметіне өткен жарапазан жарысына 7 мен 15 жас, 16 мен 30 жас, сондай-ақ 30-дан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.
Байқауда жас ерекшеліктері бойынша 30 адам бақ сынап, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы диплом мен діни бағалы сыйлықтар табысталды.
Жарапазаншылардың өнерін бағалау үшін Талдықорған өңірі «Иман» мешітінің наиб имамы және қалалық «Тәубе» мешітінің бас имамы Керімбек Дәуітов қазылар алқасының қатарынан табылды.
Байқаудың мақсаты – осы қасиетті айда ислам дінін насихаттау, халықты жақсылыққа шақыру, адамгершілікке, имандылыққа үндеу дейді ұйымдастырушылар.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған қаласының орталық «Иман» мешіті
taglym.kz
25.04.2022
2786
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру