Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ШҚО: Студенттерге ауызашар берілді

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі furqan.kz 21.04.2022 3539 0 пікір
ШҚО: Студенттерге ауызашар берілді

Қасиетті Рамазан айында «Уақып» қорының Өскемен аймағындағы өкілдігі мен Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерге арнап ауызашар берілді. Шараға 1000-ға жуық студент қатысты.

Өскемен өңірінің бас имамы Ермек қажы Мұқатай дастарқан басында жастарға арнап қасиетті Рамазан айының ерекшелігі жайлы баяндады. «Рамазан – сауаптар еселенетін ай. Бұл айда көбірек дұға жасап, ата-анамызға, ұстаздарымызға құрмет көрсетіп, барлық жағынан үлгі болуымыз керек. Исламға қатысты сұрақтарды мешіттен алыңыздар. Әсіресе жат ағымдардан аулақ болыңыздар» деген бас имам студенттерге діни сауатты болуға, теріс ағымнан сақ болуға шақырды. Сонымен қатар жастар тәрбиесі елдің ертеңі үшін маңызға ие екеніне тоқталды.

Ауызашар шарасында Amanzholov University ШҚУ ректоры Мұхтар Төлеген ҚМДБ Өскемен өңірі өкілдігі мен университет арасында серіктестіктің берік іргесі қаланғанын атап өтіп зор қолдауы үшін алғыс білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру