Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шымкент: Бас имам түркиялық қаримен кездесті

Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі iman.kz 20.04.2022 3255 0 пікір
Шымкент: Бас имам түркиялық қаримен кездесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасындағы  меморандум аясында биыл Рамазан айында Құран хатым өткізу үшін елімізге 20 қари шақыртылған болатын.

Осы қарилардың ішінде Хамза Өзкурт қари Шымкент қаласы Еңбекші аудандық «Әл-Біләл» мешітіне қасиетті Рамазан айында тарауих намазында Құран хатым өткізу үшін келді.

Сонау Түркия елінен келген Хамза Өзкурт қариды Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы қабылдап,  алғыс  білдіріп, қазақи дәстүрге сәйкес сый-құрмет көрсетті.

Айта кетейік,  биыл Шымкент қаласы бойынша 45 мешітте Құран хатым оқылып жатыр.  

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру