Рамазан айының құрметіне Шымкент қаласының Құрсай мөлтек ауданында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясы аясында 537-баспана табысталды.
Игі іс-шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Қанат Қыдырмин, шаһар бас имамының орынбасары Мұсабек Ақтамберді, қордың қалалық өкілдігінің жетекшісі Айбек Азимбаев және демеуші азаматтар қатысты.
Қанат Қыдырмин құттықтау сөз сөйлеп, жаңа пәтер кілтін жалғыз өзі бірнеше немересін бағып отырған баспанаға аса мұқтаж кейуана Жиде Қаратаеваға табыс етті. Сондай-ақ игі іске қаржылай қолдау көрсеткені үшін кәсіпкерлер Мейіржан Пернебайұлына, Дәурен Мұстафаұлына және Диас Үсенұлына алғысын білдірді.
Үйдің іші толық бітіп, тұрмыстық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Айта кетейік, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлының ұйымдастыруымен жуық арада тағы бір үй пайдалануға беріледі.
















ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
20.04.2022
4097
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру