Қостанай облысы Қостанай ауданы Қостомар ауылындағы мешіт құрылысына көмек беру мақсатында «Берекелі Рамазан» рухани кеші ұйымдастырылды.
Рухани кешке Қостанай облысы мен елімізге танымал өнер майталмандары және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы қатысты.
Кеш өте тартымды өтіп, жұртшылық ұмытылмас рухани азық алды. Ұйымдастырушылар мұндай игі іс-шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді. Сондай-ақ кешке жиналған жұртшылық жаңадан салынып жатқан мешіт құрылысы орнына барып, дұға жасады. Артынша ауыл жамағаты мен сыйлы қонақтарға ауызашар беріліп, тарауық намазы оқылды.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қостанай облыстық өкілдігінің баспасөз қызметі
19.04.2022
2312
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру