ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігіне қарасты мешіттер көктемгі ағаш егу науқанын бастады.
Ағаш егу шарасы барысында Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің жанына сәнді ағаш көшеттері отырғызылды.
«Өкілдіктің ағаш егу акциясы барысында мешіт аумағына көшеттер отырғызылды. Бұлар – қурамайтын, үнемі жасыл болып көктеп тұратын ағаштар. Мешіттің маңы таза, ауласы көрікті болса, дінге, жамағатқа, халыққа деген құрмет болмақ» деп атап өтті облыстық «Халифа Алтай» мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдіров.
Мешіттер ауласын абаттандыру шарасы өкілдіктің тапсырмасымен Өскемен аймағына қарасты мешіттерде жүйелі түрде жүргізіліп келеді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
19.04.2022
2243
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру