Қасиетті Рамазан айының құрметіне Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық орталық «Миғраж» мешітінде «Рамазан базарлығы 2022» іс-шарасы өтті.
Өскелең ұрпаққа Рамазан айының мерекелік көңіл-күйін сезіндіріп, рухани тәрбиеге баулу мақсатында ұйымдастырылған шараға Мұнайлы ауданының әкімі Ержан Күмісқалиев, Мұнайлы ауданының бас имамы Руслан Сағынтайұлы, дін қызметкерлері және «Үммет жастары» тобының еріктілері қатысты.
«Өзіңді жарты құрмамен болсын тозақ отынан арашала» деген пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисін басшылыққа алған қайырымды азаматтар мен мешіт жамағатының көрсеткен қолдауының арқасында 200-дей балақайға арнайы әзірленген базарлық қораптары үлестірілді.
Руслан Сағынтайұлының айтуынша мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын табады.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
18.04.2022
2811
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру