Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов облыстың бас имамы Алтынбек Ұтысханұлын қабылдады.
Қабылдау барысында облыс әкіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хаты табыс етілді.
«Президент пен халықтың үкілі үмітін абыроймен ақтап, жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы ізгі іс-шаралардың жүзеге асуына ықпал ете беруіңізге тілектестігімді білдіремін» делінген хатта.
Сондай-ақ Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы әкімге өңірдегі діни ахуал, атқарылып жатқан іс-шаралар жөнінде мәлімет берді.
Еске сала кетелік, Атырау облысында бүгінде 38 мешіт бар.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
14.04.2022
2722
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру