Алматыда «Орталық Азиядағы дін ілімі және ихсан концепциясы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Геосаяси зерттеулер институтының ұйымдастыруымен өткен конференцияда Алматы қаласының бас имамы Төлеби Дәділұлы сөз сөйлеп, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді. Жаратушы Алла Тағаланы танудан бастап, мұсылманның тұлғалық тәрбиесі, қоғам алдындағы әдебі аят-хадистермен қатар нақты мысалдар келтірілген «Ихсан – рухани тәрбие негізі» кітабы «MUFTIYAT» баспасында жарық көріп, бүігнде кеңінен насихатталып жатқанын айтты.
Қазақ, орыс, араб және ағылшын тілдерінде өткен конференция қонақтарының қатарында әл-Азһар университетінің оқытушысы, доктор Инаятулла Ағзам «Орта Азиядағы нақшбандии ілімінің мұрасы» тақырыбында баяндама оқыды. Сондай-ақ философ.ғ.к., Нұр-Мүбарак университеті Академиялық мәселелер департаментінің директоры Жалғас Сандыбаев, дінтанушы, PhD докторы Мұхиддин Исаұлы, ф.ғ.к., доцент Төреәлі Еділбайұлы және т.б. дінтанушы-ғалымдар ихсан ілімі тақырыбы аясында баяндамалар оқып, сұрақ-жауап алмасты.
Модератор, әрі ұйымдастырушы Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Кәрімұлы Ихсан ілімін насихаттау барысында Діни басқармамен бірге алда ауқымды жобалар атқаруға мүдделі екенін жеткізіп, келген қонақтарға алғысын айтты.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі
azan.kz
14.04.2022
2895
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру