ҚМДБ Семей аймағы өкілдігіне қарасты Аягөз қалалық мешіті Рамазан айының құрметіне игі іс-шара өткізді.
Қайырымдылық шарада «Рамазан қоржыны» көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасыға қажетті азық-түлік таратылды. Мешіт жанынан құрылған еріктілер тобы қораптарға салынған тұрмысқа қажетті азық-түлікті үйді-үйге жеткізіп, табыстады.
«Қасиетті Рамазан айында жасалған әрбір амалдың сауаптары еселенетіндігін Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадистерінде айтып өткен. Сондықтан да осы айда игілікті істерді молайтқан абзал» дейді ұйымдастырушылар.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Абай Құнанбайұлы атындағы Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі
alashdin.kz
13.04.2022
3510
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру