Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы: «Шарапатты Рамазан» ауызашар дастарқаны жайылды

Алматы Орталық мешітінің баспасөз қызметі azan.kz 13.04.2022 2918 0 пікір
Алматы: «Шарапатты Рамазан» ауызашар дастарқаны жайылды

 

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Шарапатты Рамазан» ауызашары өтті.

Ауызашарға арнайы Ардагерлер үйінен қазыналы қарттарымыз, «Өміріңді сүй» қазақ мүгедектер қоғамы, №1 Балалар үйінен келген тәрбиеленушілер мен «Әбу Ханифа» медресе-колледжінің шәкірттері қатысты.

Берекелі дастарқан басында Рамазан айының артықшылығы туралы насихат айтылды. Сұрақ-жауап ойыны ойнатылып, дұрыс жауап берген жандарға Рамазан сыйы табысталды. Ауызашар кешінде күмбірлеген домбыра үні естіліп, термелер айтылды. Келген қонақтар ризашылығын білдіріп, алғыстарын айтты. Ауызашар соныңда Құран оқылып, дұға жасалды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру