Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ Бекқожа Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, орталық «Иманғали» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты.
Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Өмірзақ Қазкенұлына медиа студияны таныстырды.
«Амин.кз студиясында бейнеуағыздар, сұхбаттар, подкаст жобалар түсіріледі. Заманауи стильде жабдықталған студия интернет кеңістігін діни ақпараттармен толықтыруға ықпал етіп отыр» деп атап өтті Алтынбек Ұтысханұлы.
Сондай-ақ Өмірзақ Қазкенұлы орталық «Иманғали» мешітінің жанынан ашылған Қайырымдылық мекемесінің де жұмыс барысымен танысты.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
amin.kz
13.04.2022
2599
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру