Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде «Рамазанға қатысты сұрақ-жауап» жобасы жалғасын тапты.
Қасиетті Рамазан айына байланысты ұйымдастырылған кезекті шара барысында Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы және облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің ұстазы Марат Жарылқап жамағаттың оразаға қатысты сауалдарына жауап берді.
Іс-шара қасиетті айдың соңына дейін, сәрсенбі және жексенбі күндері бесін намазынан кейін басталады.
Бұдан бөлек қала жамағатына «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітапшасы таныстырылып, үлестірілді. Аталмыш кітапша «MUFTYAT» баспасынан оқырмандарға жол тартты.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің баспасөз қызметі
beket-ata.kz
12.04.2022
3042
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру