Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ Батыс Қазақстан облыстық өкілдігінің бастамасымен «Зекет және қайырымдылық» ұйытқы болуымен «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.
Игі шараға Орал орталық мешітінің бас имамы Бақытжан Сабралиев, наиб имам Мейрамбек Абдрахманов, облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Самат Алибаев, «Әйелдер-қыздар» БҚО бойынша жетекшісі Анар Демеутова, ұстаз Ерген Құмаров қатысты.
Алдымен облыс имамы Бақытжан Құралбайұлы жиналғандарды ұлық аймен құттықтап, демеуші болған жомарт жандарға шексіз алғысын жеткізді.
«Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасында көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі 100 отбасыға көмек ретінде азық-түліктер беріліп, үйлеріне тегін жеткізілді.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі
islam-oral.kz
12.04.2022
3224
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру