Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жамбыл: Рамазан құрметіне тегін такси қатынайды

«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі asyldin.kz 11.04.2022 2599 0 пікір
Жамбыл: Рамазан құрметіне тегін такси қатынайды

Жамбыл облысы Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен Рамазан айының құрметіне Алматы-Мерке бағытында екі тарапқа да «ТЕГІН ТАКСИ» акциясы ұйымдастырылды.

Рамазан айында қандай ізгі амал атқарсаңыз да, еселеп сауап жазылады. Бас имам көлік жүргізушілеріне сауапты істің қайырын айтып, ризашылығын білдірді.

Акция негізінде қала тұрғындары діттеген жерлеріне ешқандай ақы төлемей еркін жетіп алды. Көлік жүргізушілері халықты ұлты мен дініне қарамай қажетті мекен жайына тегін жеткізді. Халыққа осындай ұлық мерекені насихаттауды қолға алған Меркі ауданының имамдарына үлкен алғыстарын  білдірді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру