ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Ораза – ихсан көрінісі» тақырыбында жамағатқа арналған семинар өтті.
Семинар барысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Ихсан» сөзінің мән-мағынасын түсіндіріп, адам өміріндегі маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар бас имам мен облыстық орталық мешітің ұстазы Елмұрат Мырзабаев ораза ұстаудың артықшылықтары мен пайдасы жайлы және оразаның шарттарын атап өтті.
Одан өзге жамағат тарапынан қойылған діни сұрақтарға толыққанды жауап берілді. Семинарға қатысушыларға «Адал сауда» кітапшасы таратылды.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
nurgasyr.kz
11.04.2022
3768
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру