Қасиетті Рамазан айы барша жұртшылыққа ерекше көңіл-күй, өзгеше бастама, өз-өзін тәрбиелеуге жаңа қарқын сыйлайды. Ораза айында дін қызметкерлері әдеттегіден де белсенді түрде жүзбе-жүз де, телеарна, радио, газет, әлеуметтік желілер арқылы да халықпен байланысып, насихат айтып, сұрақтарына жауап беруде.
Міне, осындай ауқымды шаралардың бірі бүгін облыстық «Һибатулла Тарази» мешітінде бастау алды. Енді әр жұма сайын имамдар мешіттен Жамбыл облыстық «JAMBYL» телеарнасы арқылы көрерменмен тікелей эфирде жолықпақ.
Бүгінгі жұмада тілші Қасымжан Байкүшіков Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевпен сұхбаттасты. Келелі сөз, көркем әңгіме көрерменге тікелей 11:30-да жол тартты.
Бас имам тілші, жамағат, көрермен тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар дін жолында жүрген осы мешіттің жамағатымен де сұхбат құрды.
Бірлесе ұйымдастырылған игі бастама көпшіліктің көңіліне ұнап та үлгерген-ді.











ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Һибатулла Тарази» мешітінің баспасөз қызметі
asyldin.kz
08.04.2022
3069
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру