Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Орал: Облыс әкімі мешітке арнайы келді

БҚО бойынша өкілдіктің баспасөз қызметі islam-oral.kz 08.04.2022 3384 0 пікір
Орал: Облыс әкімі мешітке арнайы келді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев дін қызметкерлерін Рамазан айымен құттықтау үшін облыстық орталық мешітке арнайы келді.

Жүздесуде Орал орталық мешітінің наиб имамы Мейрамбек Абдрахманов қасиетті Құран аяттарын оқыса, БҚО бас имамы Бақытжан Құралбайұлы дұға жасады.

Алла үйінде облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы исі мұсылман жамағатты қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтап, мешіт жанындағы «Ақсақалдар алқасының» мүшелері және мешіт ұжымымен жүздесті.

Бақытжан Құралбайұлы өңірдегі діни ахуалды баяндап, мешітте тарауық намазы оқылып, қарилар хатым түсіріп бастағанын, қала, аудан мешіттерінде ауызашарлар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді.

Кездесу соңында Қадырғали қажы Қарағойшиев облыс әкіміне ақ батасын  беріп, жұмысына береке тіледі.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру