Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлы шаһардың бас мешітінде тарауық намазы алдында уағыз айтып, барша жамағатты қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.
Бас имам бір ай бойы атқарылатын игі шаралардың жоспарын таныстырып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының құттықтау хатын оқып берді. Сондай-ақ Шымкент орталық мешітінде отыз күн оразада Құран хатым етіп, тарауық намазын өткізетін қариларды жамағатқа таныстырды.
Жалпы Шымкент қаласы бойынша 44 мешітте тарауық намазында Құран хатым оқылуда.







ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шымкент қалалық өкілдігінің баспасөз қызметі
iman.kz
05.04.2022
2969
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру